«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
25.07.2023 - 30.07.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.07.2023 – 02.08.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 05.08.2023 – 07.08.2023
Сұхбат: 10.08.2023
Анықтама телефоны: 87172607888
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Қосшы қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4
Функционалдық міндеттері:
Бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалану, бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ету. Кіріс шоттарын тіркеуді жүргізу. Белгіленген нормативтік құжаттарға, ережелерге қатаң сәйкестікте шот-фактураларды қабылдау және жазып беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру, оларды тіркеу журналдарын жүргізу. Белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделген шот-фактуралар бойынша ай сайын қосылған құн салығы бойынша сатып алу кітаптары мен сату кітаптарын құрастыру, оларды бухгалтерлік есеппен салыстыру. Салық органдарының қарсы тексерулері бойынша тиісті құжаттарды дайындау. Есептеулерді салыстыру бойынша кәсіпорындармен жедел жұмыс жүргізу. Кәсіпорындарға көрсетілген қызметтер үшін шоттарды уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар бойынша шоттар жазып беру. Бөлімде Мемлекеттік сатып алуды жүргізу. Кәсіпорын клиенттерінің жалпы каталогын жүргізу.Қызметкерлерге жалақы есептеуді жүргізу. Сатып алу жоспарын әзірлеу, сатып алу жоспарына енгізу үшін өзгерістер дайындауды жүзеге асыру. Келісімшартты орындауға қатысу, оның ішінде орындалған жұмысты қабылдау.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.