«Қосшы қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Қосшы қаласы
2021 жыл
1- тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жасау;
2) кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі қаржы жылы қалалық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, экономикалық талдау жасау және реформалар барысын бағалау;
4) қалалық бюджетті атқару;
5) бюджеттік есепке алуды жүргізу және жергілікті қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті құрастыру;
6) қалалық коммуналдық меншікті басқару.
1) Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджет параметрлерінің болжамын әзірлеуді ұйымдастырады және өз құзіреті шегінде қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
2) алдағы жоспарлық кезеңде бюджетке түсетін қаражаттар түсімдерінің көлемін анықтайды;
3) қалалық бюджет комиссиясына ағымдағы, сол сияқты алдағы жоспарланып отырған кезеңде жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпаратты жібереді;
4) жергілікті бюджет бойынша қолма-қол ақша ресурстарына талдау және болжам жасайды;
5) даму бюджетінің игерілуінің, инвестициялық жобалардың барысына мониторинг жүргізеді;
6) коммуналдық мүлікті басқаруға талдау және бағалауды жүзге асырады;
7) қалалық бюджеттін атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
9) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін айқындау және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін атқару жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
10) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;
11) бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;
12) жүйелі жинақтау және бюджетті атқару көрсеткіштерін талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын келіседі;
14) бюджеттік ақшамен басқарады;
15) қала бюджетінің қолма-қол ақша ның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
16) қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептелікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке қала әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерді қарайды;
18) бюджеттік ақшамен басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;
19) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруынынң мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
20) өз құзіреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
21) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;
22) қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
23) қалалық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүліктердің тізілімін белгіленген тәртіпке жүргізеді;
24) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектіні бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
25) қалалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, мүліктік жалдауға (жалға алуға) сенімгерлік басқаруға береді;
26) қалалық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді;
27) сенімгерлікпен басқарушының қалалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
28) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
29) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
30) қалалың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
31) қалалың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асырады;
32) жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
33) иесіз мүліктердің, объектілірді анықтау және ретке келтіру есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзіреті шеңберінде қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қаланың өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) құзіретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзірет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзіреті шегінде заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулықтарын бекітеді;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) Қосшы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату