«Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

 

Қосшы қаласы әкімдігінің

«__»_______2022жылғы                                                                                                      №___ қаулысына

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосшы қаласы

2022 жыл

 

1- тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: С58А9Т7, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Ғарифулла Амансүгіров көшесі, 21.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.                                                                                      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) автомобиль жолдарының жұмыс істеуі;

2) Қосшы қаласының аумағында жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының жағдайын бақылауды жүзеге асыру;

3) автомобиль жолдарын салуды, пайдалануды және дамытуды ұйымдастыру;

4) көліктің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;

  1. 14. Өкілеттіктері:

Құқықтары мен міндеттері:

  • Құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзіреті шеңберінде қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін қаланың өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
  • Құзіретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
  • Өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзірет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
  • Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
  • жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзіреті шегінде заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
  • қолданыстағы заңамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
  1. Функциялары:

1)      жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша жүру кестесін бекітеді;

2)      жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;

3)      жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;

4)      тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

5)      такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

6)      қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

7)      автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олар бойынша жүріп өту үшін ставкалардың мөлшерін әзірлейді;

8)      қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқарады;

9)      Қосшы қаласының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардағы және өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

10)    жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, олардың орындалуын үйлестіру және бақылау;

11)    Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

        

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қосшы қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) заңнамамен белгіленген тәртіппен лауазымдарға тағайындайды және Бөлім қызметкерлерін қызметінен босатады;

3)  өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулықтарын бекітеді;

4)  бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

6) Қосшы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

8)  ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші  басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.                                                                     Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Бөлімде бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕжирского транспорта и автомобильных дорог города Косшы»
Дата публикации
13 июля 2023