ХАТТАМАСЫ
Өткізу күні мен уақыты: 2023 жылғы 21 маусым 15.00 сағат
Өткізу орны: Кенесары хан көшесі 15 мекенжайында орналасқан Тайтөбе ауылындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы.
Көпшілік тыңдауды ұйымдастырған: Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының әкімдігі.
Көпшілік тыңдауды өткізу туралы ақпарат жұртшылық назарына Қосшы қаласы әкімдігінің ресми сайтында (www.gov.kz) 2023 жылдың 12 мамыры күні және Қосшы қаласының «Jana Bastau» қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық газетінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №20 санында хабарландыру жарияланып, жеткізілді.
Тыңдауға қатысқандар:
Қосшы қаласы аумағындағы ономастика және тіл саясаты мәселелерін қарастыру және зерделеу бойынша жұмыс тобының мүшелері:
П. Досмаганбетов – Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының әкімі, топ мүшесі;
Ақылбек Данабекұлы – Қосшы қаласы мәслихатының депутаты;
А. Таймасов – «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы;
Г. Кусаинова – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қосшы қалалық филиалының төрайымы;
А. Байкенов – Қосшы қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі;
Ә. Мусаева – Қосшы қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы;
Б. Абдрасилов – «Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы, топ хатшысы;
Қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының тұрғындары, белсенді азаматтар, ардагерлер, ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері.
У. Алимова – «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, хатшы.
Көпшілік тыңдаудың күн тәртібі:
Қосшы қаласының Тайтөбе ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау мәселесі.
Көпшілік тыңдауда ұсынылған ақпараттар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Қосшы қаласының Тайтөбе ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау беруге байланысты тиісті жұмыстар басталуда. ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы» 2021 жылы 16 тамызда мақұлданған. Қосшы қаласы әкімдігінің ресми сайтында (www.gov.kz) 2023 жылдың 12 мамыры күні және Қосшы қаласының «Jana Bastau» қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық газетінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №20 санында хабарландыру берілді.
Саяси мәні кетіп, құндылығын жоғалтқан, ескірген атаумен аталатын көшелер бүгінде бұқаралық сипатқа ие болып, халық қалауымен қазақшалану мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен 555 тарихи тұлғаның есімі бар «Тарихи тұлғалар» тізімі дайындалған. Біз көше атауларын атау кезінде осы тарихи тұлғалар тізіміне сүйеніп жұмыс жасаймыз.
Сөз сөйлегендер және жарыссөзге қатысқандар:
Жарыссөзге жазылған 4 тұрғынның бәріде сөз сөйледі.
Көпшілік тыңдауға қатысушылар мен шақырылғандардың ұсыныстары мен ескертулері, сұрақтары (Тыңдау барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді, ұсыныстар талқыланды):
Атау беру:
2 шағын аудан бойынша:
№1 көшеге - Жошы хан
№2 көшеге - Берке хан
№3 көшеге - Жәңгір хан
№4 көшеге - Ұрыс хан
4 шағын аудан бойынша:
№5 көшеге - Бұғра хан
№6 көшеге - Алаша хан
№8 көшеге - Тұғырыл хан
№9 көшеге - Тоқтамыс хан
№10 көшеге - Бөкей хан
3 шағын аудан бойынша:
№12 көшеге - Мөңке би
№13 көшеге - Қазанғап би
№14 көшеге - Бәйдібек би
№15 көшеге - Майқы би
№17 көшеге - Қараменде би
«Орталық Тайтөбе» шағын аудан бойынша:
№19 көшеге - Өтеген батыр
№21 көшеге - Ағынтай батыр
№23 көшеге - Жанқожа батыр
№24 көшеге - Ер Қосай батыр
Атауы жоқ көшеге - Сырым батыр
1 шағын аудан бойынша:
№25 көшеге - Қадыр Мырза Әлі
№26 көшеге - Шерхан Мұртаза
№27 көшеге - Мағжан Жұмабаев
Қайта атау:
Бигельдинов №1 көшеге - Жалаңтөс батыр
Бигельдинов №2 көшеге - Ағыбай батыр
Ардагерлер №1 көшеге - Есет батыр
Мустафин №1 көшеге - Сартай батыр
Дауыс беру нәтижелері:
Қатысқандар 23 тұрғын.
Ашық дауыс беру жүргізілді. Жақтап дауыс бергендер – 23, қарсы – 0, қалыс қалғандар – 0.
Көпшілік тыңдаудың шешімі:
Қосшы қалалық мәслихат сессиясында қарастырылып, обылыстық ономастика комиссиясына ұсыныс беруге шешім шығару үшін, Қосшы қаласы әкімдігінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына ұсыныс енгізілсін.
Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппаратының бас маманы, көпшілік тыңдаудың хатшысы У. Алимоваға қалалық ономастикалық комиссияға тиісті құжаттарды дайындап тапсырсын.
Көпшілік тыңдаудың модераторы:
Қосшы қаласы
Тайтөбе ауылының әкімі _____________________ П. Досмаганбетов
Көпшілік тыңдаудың хатшысы ______________________ У. Алимова