«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.06.2023 - 14.06.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.06.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.06.2023

Сұхбат: 21.06.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

      «Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты

                                          

                                        Функционалдық міндеттері:

       Орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтер) қабылдауға қатысу. Қаланы санитарлық тазалау бойынша айлықтар, сенбіліктер ұйымдастыру. Қаланың санитарлық жағдайы бойынша комиссияларға қатысу. Жолдарды (қала жолдарын, тротуарларды, көпірлерді, құдықтарды, өтпелі көпірлерді және т. б.) күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу бойынша жоспарды ұйымдастыру және жасау. Жеке тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, заңды тұлғалардан келіп түсетін хаттарға, өтініштерге, арыздарға өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жауаптар дайындау. Аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, оның ішінде: үй маңындағы аумақтарды және аула аумақтарын, оның ішінде өту жолдары мен кіру жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын ағымдағы жөндеу; көшелерді паспорттауды жүргізу; өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар бекіткен мекен-жай бағдарламаларына енгізілмеген тұрмыстық қалдықтардың қоқыс үйінділерін, қоқыстарды жоюды және аумақтарды, тұйықтар мен өту жолдары тазалауды қоса алғанда, аумақты тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу; жол белгілерін орнату, күтіп ұстау және жөндеу; көлік құралдарының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығының белгіленген нормаларына сәйкес ұтымды пайдаланылуын бақылау; жолаушылар көлігі құралдарының бағытын бақылау. Қажетті материалдарды дайындау және рәсімдеу. Жұмыс өндірісіне бақылау және техникалық қадағалауды жүзеге асыру. Белгілер мен бағдаршам объектілерін көзбен шолып, функционалдық және жыл сайынғы негізгі қарап тексеруді есепке алу журналдарын жүргізу: сатып алу жоспарын әзірлеу, сатып алу жоспарына енгізу үшін өзгерістер дайындауды жүзеге асыру. Келісімшартты орындауға қатысу, оның ішінде орындалған жұмысты (оның нәтижелерін), көрсетілген қызметті, сондай-ақ тауарды жеткізудің, жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің жекелеген кезеңдерін қабылдау. Мұрағаттық сақтауға немесе жоюға арналған құжаттарды жыл сайын іріктеуді жүргізу.

 

                                               Білімі бойынша талап:

          Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: қызмет көрсету (қозғалысты тасымалдауды және көлікті пайдалануды ұйымдастыру) және/немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе менеджмент) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (аспап жасау және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе құрылыс және/немесе көлік құрылысы)

                                 

                                 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                               

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
07 июня 2023