Мемлекеттік қызмет «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Ақмола облысы

«Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ

 

Мемлекеттік қызмет

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері порталы (қолжетімділік арналары):

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал)

 

1 КЕЗЕҢ

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
  2. Сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  1. Сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.

 

2 КЕЗЕҢ

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  1. Сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

Дата публикации
25 мая 2023