«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.05.2023 - 23.05.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.05.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.05.2023

Сұхбат: 30.05.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

«Қосшы қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4

 

                                           Функционалдық міндеттері:

       Кіріс шоттарын тіркеуді жүргізу; Белгіленген нормативтік құжаттарға, ережелерге қатаң сәйкестікте шот-фактураларды қабылдау және жазып беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру, оларды тіркеу журналдарын жүргізу. Белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделген шот-фактуралар бойынша ай сайын қосылған құн салығы бойынша сатып алу кітаптары мен сату кітаптарын құрастыру, оларды бухгалтерлік есеппен салыстыру. Салық органдарының қарсы тексерулері бойынша тиісті құжаттарды дайындау. Есептеулерді салыстыру бойынша кәсіпорындармен жедел жұмыс жүргізу. Кәсіпорындарға көрсетілген қызметтер үшін шоттарды уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар бойынша шоттар жазып беру. Бөлімде мемлекеттік сатып алуды жүргізу. Кәсіпорын клиенттерінің жалпы каталогын сақтау. Қызметкерлерге жалақы есептеуді жүргізу. Қызметкерлерге жалақы туралы анықтамалар беру. Бөлімнің мүлкін және қаржылық жағдайын түгендеуді жүргізу. Сатып алу жоспарын әзірлеу, сатып алу жоспарына енгізу үшін өзгерістер дайындауды жүзеге асыру. Келісімшартты орындауға қатысу, оның ішінде орындалған жұмысты қабылдау. Бөлімнің қызметін жүзеге асыру бойынша лауазымдық міндеттерін атқару. Бөлім басшысының, лауазымды тұлғаның өз өкілеттігі шегінде берген тапсырмаларын орындау. Лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді, оның ішінде азаматтардың жеке өмірі мен денсаулығына қатысты немесе олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Заңмен белгіленген мерзімде құжаттардың ресімделуіне және орындалуына бақылауды жүзеге асыру, орындалу барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді жинақтау. Әдеп және қызметтік тәртіп кодексінің нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасамау. Қызметтік тәртіпті сақтау. Лауазымдық міндеттерді тиісінше орындау үшін қажетті біліктілік деңгейін ұстап тұру. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде лауазымдық міндеттерді орындау үшін берілген мүлікті қорғау. Қажеттілікке сәйкес уәкілетті орган өткізетін барлық іс-шараларға қатысу. Мұрағаттық сақтауға немесе жоюға арналған құжаттарды жыл сайын іріктеуді жүргізу. Тікелей басшысының жеке қызметтік тапсырмаларын орындау. Қызметтік қажеттілік бойынша өзінің біліктілігіне сәйкес осы Нұсқаулықта көзделмеген жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкін.

                                         

                                               Білімі бойынша талап:

          Техникалық ғылымдары мен технологиялар (энергетика және/немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыстар ғимараттарын салу және пайдалану) және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе көліктік техника және/немесе ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану және/немесе қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану); қызметтер (тасымалдау ұйымдастыру, көлікті қозғалыс және пайдалану және/немесе көлік қызметтері); бизнес, басқару және құқық (статистика және/немесе қаржы және кредит және/немесе халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық және/немесе экономика және менеджмент және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілік басқару және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе бизнес және менеджмент және/немесе бухгалтерлік есеп); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (құрылыс ауыл шаруашылығы); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (автомобильдер мен тракторлар және/немесе аспап жасау және/немесе жылу энергетикасы және/немесе инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе көлік және/немесе электр энергетикасы және/немесе автомобиль жолдары және/немесе қала құрылысы және шаруашылық және/немесе темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы және/немесе ауыл шаруашылық құрылысы және/немесе тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте басқару және/немесе коммуналдық құрылыс және шаруашылық) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

                              

                                  Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                               

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 мая 2023