«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.05.2023 - 23.05.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.05.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.05.2023

Сұхбат: 30.05.2023

Анықтама телефоны: 87172607888

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

                                                     Лауазым атауы:

«Қосшы қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, E-R-4

 

                                           Функционалдық міндеттері:

       Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу, тұрғын үй комиссиясының отырысына сұрақтар дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тұрғын үйлерді (пәтерлерді) жекешелендіруге құжаттарды есепке алу және ресімдеу; Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу; Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау; Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу; Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу; Бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама (ұсынымдар) шығару; Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына мемлекеттік бақылау; Пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына; Көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуы; Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженер жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативті-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындауына бақылау жасайды; Көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; Орындауға қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды; Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу; Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасымен; Елді мекен шегінде құрылған мүлік иелері мен жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу; Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындауға қатысу, бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға оның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыны Әкімшілік процедуралық-іс жүргізу кодексіне» сәйкес келіп түскен жеке және заңды тұлғаларға өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсету; «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну. Құзіретіне кіретін мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттар дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін конкурстық және басқа да қажетті құжаттаманы дайындау; Келісімшартты орындауға қатысу, оның ішінде орындалған жұмысты (оның нәтижелерін), көрсетілген қызметті қабылдау; Бөлімнің қызметін жүзеге асыру бойынша лауазымдық міндеттері атқарады; Бөлім басшысының, лауазымды тұлғаның өз өкілеттігі шегінде берген тапсырмаларын орындайды; Лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді, оның ішінде азаматтардың жеке өмірі мен денсаулығына қатысты немесе олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге; Заңмен белгіленген мерзімде құжаттардың ресімделуіне орындалуына бақылауды жүзеге асыру, орындалу барысы мен нәтижелер туралы мәліметтерді жинақтау; Әдеп және қызметтік тәртіп кодексінің нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасамау; Қызметтік тәртіпті сақтау; Лауазымдық міндеттерді тиісінше орындау үшін қажетті біліктілік деңгейін ұстап тұру; Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде лауазымдық міндеттерін орындау үшін берілген мүлікті қорғауға; Қажеттілікке сәйкес уәкілетті орган өткізетін барлық іс-шаралар қатысу; Мұрағаттық сақтауға немесе жоюға арналған құжаттарды жыл сайын іріктеуді жүргізу; Тікелей басшысының жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды; Қызметтік қажеттілік бойынша өзінің біліктілігіне сәйкес Нұсқаулықта көзделмеген жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкін; Жетекшілік ететін салаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді, сондай – ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді;

                                         

                                               Білімі бойынша талап:

          Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: құрылысты автоматтандыру және кешенді механикаландыру, автоматика және телемеханика, әуеаспапқұрылыс, машина жасау, автоматтандырылған электр байланысы, автоматтандырылған басқару жүйелері, электр қондырғыларын автоматтандыру, автоматика және

басқару, құқықтану, аспап жасау, жылу энергетикасы, тасымалдау ұйымдастыру, көлікті қозғалыс және пайдалану, инженерлік жүйелер мен желілер, құқық, электрмен жабдықтау, энергетика, ақпараттық жүйелер, аспап жасау (салалар бойынша), көлік, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру, электр энергетикасы, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер, қала құрылысы және шаруашылық, автомобиль жолдары мен аэродромдар салу, ауыл шаруашылық құрылысы, электрондық құрылғылар мен құралдар, коммуналдық құрылыс және шаруашылық.

                              

                                  Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                               

                                                Шағым жасау тәртiбi

           Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 мая 2023