Жер учаскелеріне құқықты белгілеу (қоғамдық сервитут) шектеулі пайдалану туралы

 

Жер учаскелеріне

құқықты белгілеу

(қоғамдық сервитут)

шектеулі пайдалану

туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес , Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Электр желілеріне қызмет көрсету үшін, ауданы 0,8571 га мемлекеттік меншіктегі жерлерге «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не жер схемасына сәйкес жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
  2. «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ -сі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын қауымдық сервитут белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  3. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                                  Г. Қасенов

 

 

Түсіндірме жазба

Қосшы қаласы әкімдігінің жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы қаулысының жобасына

 

  1. Мемлекеттік мекеменің атауы – "Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ.
  2. Нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттардың нормаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер,

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдар,Үкімет басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және кеңсе және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес,

  1. "Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-нің аумағы 0,8571 га мемлекеттік меншіктегі жерлерге электр беру желілеріне қызмет көрсету үшін қоса берілген схемаға сәйкес жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
  2. "Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарлама (жария сервитут) жіберсін.
  3. Жобаны іске асыруға байланысты болжамды қаржылық шығындар болжанбайды.
  4. Бұл акт әділет департаментінде тіркелуге жатпайды.
  5. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланым мәліметтері болуға тиіс.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14550740

Дата публикации
10 мая 2023