«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері порталы (қолжетімділік арналары):
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал)
1 КЕЗЕҢ
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2. Жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсетумерзімі:
Келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
2 КЕЗЕҢ
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Түпкілікті келісілген таңдау актісі.
Мемлекеттік қызмет көрсетумерзімі:
1. Көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскен және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеген жағдайда жер-кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
