Үйде отырып-ақ электронды тәсілмен жер телімін алу кезегіне қалай тұруға болады?
Алдымен egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтеміз. «Жылжымайтын мүлік» бөлімін таңдаймыз. Одан әрі сол жақта «Жер қатынастары» тармақшысын шертеміз. «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекті қарау немесе тұру» мемлекеттік қызметін іздеп табамыз. Әрі қарай, қызметке тапсырыс береміз. «Есепке қою» өтініш түрін көрсетеміз. Қажетті аймақты таңдаймыз. Мысалы: Ақмола облысы – Қосшы қаласы - Тайтөбе ауылы. Бұрын жеке тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскесін алмағаныңызды растайтын белгіні қоюды ұмытпаңыз. Қызметке ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қоямыз. Сұрауыңыз оң өңделді. Сізге жергілікті атқарушы органнан есепке қою туралы хабарламасы шығады. Мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жылдам және оңай!
