Қосшы қалалық мәслихатының депутаттары мен
Қосшы қаласы халқының назарына
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда сағат 09.30-да Қосшы қаласында жаңадан сайланған сегізінші шақырылған Қосшы қалалық мәслихатының бірінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына "қалалық мәслихатқа депутаттарды сайлау қорытындылары туралы қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы" және басқа да мәселелер енгізіледі.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы
Р. Ж. Түлкібаев