ХАБАРЛАМА
Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау: 2023 жылғы 10 сәуірден бастап 2023 жылғы 28 сәуірді қоса алғанда, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 117-үй мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2023 жылғы 02 мамырда, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Абылай хан көшесі, 117, 1 қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.