2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
«Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ есебі
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді, атап айтқанда:
-Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу;
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;
-Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
Өткен жылы барлығы 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-3 қызмет;
тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-3 қызмет;
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 3 қызмет.