«Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және
қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылғы мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызметі туралы есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) 2022 жылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетуші болды. Өткен жылы барлығы 3686 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-2830;
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-9;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-9;
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру халық арасында аса сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады - 2830. Құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну-301. Эскиздік жобалардың келісімі бойынша 288 нысан келісілді. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)-9. Жерге орналастыру жобалары - 221 дана бекітілді. Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау-36 дана.