«Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы 2022 жылдың ЕСЕБІ
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) 2022 жылы 8 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетуші болды, оның ішінде
Мемлекеттік қызметтің 6 негізгі түрі және 2 кіші түрі. Өткен жылы барлығы 172 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-2;
электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-6
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-8;
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-8;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-6;
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2022 жылы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 159 қызмет көрсетілді.
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою» мемлекеттік қызметі бойынша 13 қызмет көрсетілді.