2022 жылғы «Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі-Аппарат) 2022 жылы 11 мемлекеттік қызмет көрсетуші болды, оның ішінде мемлекеттік қызметтің 5 негізгі түрі және 6 кіші түрі. Өткен жылы барлығы 7471 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-2;
электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-7401;
Мемлекеттік орган арқылы тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-6, ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде-0;
«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны -39;
электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны -23, қағаз түрінде -0, негізсіз бас тарту саны-жоқ.