Қосшы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
жөніндегі қызметі туралы есебі
1.Жалпы ереже
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды түлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылауларды жүргізеді.
Қоғамдық талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
2022 жылы Қосшы қаласында Мемлекеттік қызметтерді Қосшы қаласы әкімінің аппараты, дербес бөлімдер, халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетті.