Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық талқылаулар

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 5-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің ашық талқылаулары өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған. Ашық талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Қосшы  қаласы әкімінің сайтында «Қызмет» бөлімінің «Ашық талқылаулар» кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсететін Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылы әкімдерінің, сондай-ақ дербес бөлімдерінің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.

Тұрғындарға «Пікірлер» терезесінде ұсыныстар мен ескертулер енгізу мүмкіндігі берілген.

Барлық тұрғындарға қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық талқылаулар
Дата публикации
24 февраля 2023