Ақмола облысы, Қосшы қаласының әкімдігі Кәсіпорынның мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы құрылуын жоспарлау туралы хабарлайды.
Қызметінің мақсаты әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына байланысты тікелей мемлекеттік басқаруды талап ететін Қосшы қаласының тұрғындарына жан-жақты мәдени демалыс қызметін көрсету болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:
1) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, ұлттық өнерді дамыту, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
2) концерттік бағдарламалар, мерекелер, ақындар айтысын, мүшәйралар, фестивальдар, байқаулар, мерейтойлар, шығармашылық кештер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін іс-шаралар өткізу, бейнелеу және халықтық қолданбалы өнер көрмелерін ұйымдастыру, көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дамыту;
3) балалар мен ересек тұрғындар үшін көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру;
4) мәдени іс-шаралар бойынша халыққа ақылы қызмет көрсету;
5) дарынды жастарды анықтау және іріктеу және оларды өңірлік, республикалық және халықаралық байқауларға қатыстыру, мәдениет және өнер оқу орындарына жіберу;
6) клуб жүйесінің қызметкерлері үшін семинарлар мен практикумдар жүргізу, мәдени-ағарту мекемелеріне, этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсету;
7) мәдениет саласындағы мемлекеттік тапсырысты және мерекелік іс-шараларды өткізу бойынша халықтың, еңбек ұжымдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруашылықтардың тапсырыстарын орындау;
8) клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге ықпал ету, аттестаттау қорытындысы бойынша кәсіби деңгейін бағалауды жүзеге асыру;
9) халықтық көркемөнер кәсібін дамытуда сәндік-қолданбалы бейнелеу өнерінің дамуына ықпал ету.
Бұл сұрау кәсіпкерлік субъектілері тарапынан сұранысты және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі тәсілімен кәсіпорын құру мүмкіндігін зерделеу мақсатында орналастырылған.
Жария талқылау үшін енгізіледі.
Құжаттарды қабылдау 03.02.2022 жылға дейін 010022, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі 3/3 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Байланыс үшін: Көңбай Айнагүл Көңбайқызы
тел.: +7 (7172) 607 888