Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2 тармақшасына,
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы
12 сәуірдегі Заңының 8, 12 баптарына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
  2. «Қосшы қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Маратбекұлы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) Осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) Осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қосшы қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қосшы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) Осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2, 3 тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қала әкімінің орынбасары А.Б. Ибраеваға жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                                      Г. Қасенов

Қосшы қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
Дата публикации
01 ноября 2021