Қосшы қаласында санитариялық -эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтамайтын объектілерді анықтау үшін мобильді (мониторингтік) топты құру туралы

Қосшы қаласында санитариялық -эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтамайтын объектілерді анықтау үшін мобильді (мониторингтік) топты құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына сәйкес:

  1. Қосшы қаласының аумағында санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын сақтамайтын объектілерді анықтау бойынша мобильді (мониторингтік) топ (бұдан әрі – Мобильді (мониторингтік) топ) құрылсын.
  2. Мобильді (мониторингтік) топтың құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Жумкейге жүктелсін.

Г. Қасенов

Қосшы қаласында санитарлық -эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтамайтын объектілерді анықтау үшін мобильді топ құру туралы
Дата публикации
17 сентября 2021