«Қосшы қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № С-83/19-8 «Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қосшы қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № С-83/19-8 «Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қосшы қаласы мәслихатының шешімінің жобасын әзірледі (бұдан әрі – шешім жобасы).

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміренованың қолымен бекітілген 2026 жылғы 29 сәуірдегі №1.2-16/1037 «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай мөлшерлерге келтіру туралы» хатына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік төлемдерді біріздендіру үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.

Шешім жобасы 2026 жылдың 21 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Қосшы қаласының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылды.

          Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді:

«Қосшы каласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қосшы қаласының мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 83/19-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
21 мая 2026