«Қосшы қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» (бұдан әрі – шешім жобасы).
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес
- шешімнің жобасын жағымсыз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды
- шешім жобасының қабылдануы аз қамтылған азаматтарға қолданыстағы занға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Шешім жобасы 2026 жылдың 21 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылды.
Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: