Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.kapyshev@aqmola.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Қапышев Азамат Есімұлы
Қосшы қаласының әкімі
Общая информация, образование

Азамат Есімұлы Қапышев 1978 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Карьера

2003-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппаратында, одан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында жұмыс істеді, онда ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімі секторының меңгерушісі болып қызмет істеді.

2011-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі секторы инспекторының және меңгерушісінің, ҚР Президенті Баспасөз қызметі секторы меңгерушісінің лауазымдарын атқарды.

2017-2018 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жылдары Ақмола облысы әкімі аппараты басшысы орынбасары;

2019-2024 жылдары Ақмола облысы әкімі аппараты басшысы қызметін атқарды;

2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып тағайындалды.

 

Қала әкімі

Қосшы қаласының әкімі - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен анықталған өкілеттіктеріне сәйкес Қосшы қаласының аумағында жергілікті атқарушы билікті мүдделер мен қажеттіліктерді ескере отырып, жалпымемлекеттік саясаттың өткізілуін қамтамасыз етеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы