Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өтініш

Құрметті азаматтар!

Мемлекеттік билік органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылының маңызды құралдарының бірі өтініштер болып қала береді. Бұл өтініштерді жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды институттарының бірі ретінде қарау керек. Азаматтардың өтініштері "кері байланыс", болып жатқан оқиғалар, процестер туралы өз пікірін білдіру, жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу және өзінің өзге де құқықтары мен мүдделерін жай ғана іске асыру мүмкіндігі болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың Әкімшілік рәсімдері нақты регламенттелген және біріздендірілген.

Біржан сал әкімінің аппаратына азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы өтініш білдіру, жеке өтініш білдіру, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініш жолдау құқығы мынадай жолдармен іске асырылады:

  1. Қосшы қаласы, Ғ. Амансүгіров көшесі, 21, 5 кабинет мекенжайы бойынша ауыл әкімінің аппаратына жазбаша өтініш беру;
  2. Жазбаша өтінішті "Қазпочта" АҚ пошта байланысы арқылы беру»;
  3. "Е-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы "электрондық өтініш" бөлімдерінде;
  4. Тайтөбе ауылы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы "әкімге сұрақ" бөлімінде жүгіну»;
  5. 8 (716 51) 99-2-25 телефоны бойынша жеке қабылдауға жазылу.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі.

5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

  1. Мыналар қарауға жатпайды:

1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

  1. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

 

6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтiнiшке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

  1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.
  2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде — оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қоюға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

  1. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтiнiш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтiнiш арқылы жүгiну тәртiбiн ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

 

7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, тiркеу және есепке алу

  1. Осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.

Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келiп түсетiн өтiнiштерiн есепке алу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтiнiштердi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша келiп түскен өтiнiштерi есепке алуға жатпайды.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.
  2. Өтiнiш жеке немесе заңды тұлғаның өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
  3. Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс.
  4. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтiнiш берушiге хабарланады.

Осы тармақтың талабы iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.

 

8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

  1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
  2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтiнiш берушiге хабарланады.

  1. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.
  2. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтiнiш берушiге хабарланады.
  3. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы