
Тайтөбе ауылының білім беру желісін жалпы орта білім беретін мектеп және "Сұлу-Ай" бөбекжайы құрайды.
Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 2016 жылғы 1 қыркүйекте ашылды. Алғашқы оқу жылында 373 оқушы мектеп табалдырығын аттады.
Қазіргі таңда мектепте 682 оқушы білім алуда, 62 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жаңа үлгідегі компьютерлік, мультимедиялық және лингофондық кабинетпен жабдықталған. Барлығы - 104 компьютер, 92-ноутбук, 23 - планшетпен қамтылған. Мектепте тегін үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ және қазақша күрес үйірмесі мен секциялары жұмыс істейді.
Мектеп қызметінің мәні жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Мектептің негізгі мақсаттары:
✔️ жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын меңгеру негізінде білім алушылар тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыру;
✔️ оларды қоғамдағы өмірге бейімдеу, кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдау және кейіннен игеру үшін негіз жасау;
✔️ адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
✔️ салауатты өмір салтын қалыптастыру.
🏠 Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, 15
Тайтөбе ауылындағы «Сұлу-Ай» бөбекжайы МКҚК 2014 жылы 13 желтоқсанда ашылды. Ол екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бөбекжай 140 балаға арналып салынған. Қазіргі уақытта 11 педагог 130 балаларды тәрбиелеуде. 6 топ жұмыс жасайды.
Ақмола облысы Білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - мектепке дейінгі білім беру жүйесін ұйымдастыру ретінде - Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру Мемлекеттік Стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру бағдарламалары іске асырады; балаларды күтуді және сауықтыруды қамтамасыз етеді, оларды жалпы адамзаттық құндылықтарға баулиды; баланың толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып отбасымен серіктестік іс-қимылды іске асырады.
Бөбекжайдың негізгі мақсаты:
✔️Балалардың дене және психикалық деңсаулығына оңтайлы жағдай жасау.
✔️Балалардың шығармашылық, патриоттық сезімін дамыту, өзін-өзі тану, өз қадір-қасиетін ұғыну, өз құқықтары мен басқа адам бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
✔️Балалардың тұлғалық - интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
✔️Мектепке дейінгі балалардың білуге құмарлық негізі ретінде танымдық белсенділігін дамыту.
✔️Жасөспірімнің өмірі мен денсаулығын қорғау.
🏠 Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы, Жүсіпбек Аймауытов көшесі 2 құрылыс.
📲+77055984958