
Тайтөбе ауылының дәрігерлік амбулаториясы 2015 жылы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ретінде ұйымдастырылды. Дәрігерлік амбулаторияның құрылымында: процедуралық, фельдшерлік, гинекологиялық кабинет, пациенттердің уақытша болу бөлмесі, санитарлық бөлме қарастырылған.
Дәрігерлік амбулатория тонометрмен, тест-жолақтары бар портативті қан қантының деңгейін талдаушымен, фармацевтикалық тоңазытқышпен, электр стерилизаторымен, кептіргіш шкафымен, тыныс алу қол аппаратымен (Амбу қапшығы), көліктік жұмылдыру шинасымен жабдықталған.
Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеттері: асқынбаған жіті ауруларды, созылмалы ауруларды және олардың асқынуларын диагностикалау және емдеу, балалар мен жүкті әйелдердің патронажын ұйымдастыру; алдын алу және емдеу іс-шараларын жүргізу, инфекция ошақтарында байланыста болған адамдарды бақылау, стационарлық медициналық көмек алуға мұқтаж науқастарды, оның ішінде жүктілік патологиясы бар әйелдерді уақтылы ауруханаға емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Дәрігерлік амбулаторияда көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне инъекциялар, профилактикалық егулер жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Дәрігерлік амбулаторияда жалпы тәжірибелік дәрігер, фельдшер,2 учаскелік медбике және санитар жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория 3000 адамға қызмет көрсетеді. 2 учаске ұйымдастырылған.
Жыл сайын мүгедектерге, ҰОС қатысушыларына, әйелдерге, балаларға, диспансерлік науқастарға және басқа да декреттелген контингенттерге профилактикалық тексерулер жүргізіледі.
🏠Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы, 1 шағын ауданы.
📲+77088801404