GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
02 октября 2026
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті.

2026 жылғы 2 қазанда Қорғалжын ауылының А. Шабатов атындағы орталық алаңында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза өлке – жарқын болашақ!».

Акцияға 200-ден астам адам қатысты, олардың арасында аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, жұртшылық өкілдері, жастар, еріктілер, мұғалімдер мен мектеп оқушылары болды.

 Сағат 10:00-де Қорғалжын ауданының әкімі Алин Алмас Аяновичтің қатысуымен іс-шараның ресми ашылуы өтті.

Салтанатты ашылудан кейін қатысушылар орталық алаң мен іргелес аумақтарды тазалауға кірісті. Экологиялық сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоғамдық кеңістіктер ретке келтіріліп, елді мекеннің жекелеген учаскелері абаттандырылды.

Сағат 12:00-де Қорғалжын ауылының №1 мектеп-гимназиясында «Тазалық - өзіңнен», жарқын болашақтың кепілі!» экологиялық мәдениет, қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың жеке жауапкершілігі мәселелеріне арналған.

Оқушылар мен жастар алдында аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Хамзеұлы, сондай-ақ білім беру саласының үздігі, облыстық мәслихат депутаты Тәжин Нұрлан Есіркепұлы сөз сөйледі. Кездесу барысында табиғатқа ұқыпты қарау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды.  Аудан тұрғындарын тазалықты сақтау, абаттандыру және туған өлкеде тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатымен біріктірді.

#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge

Ішкі саясат
28 июля 2026
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

Жылдар аралығында 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025 жылы – 72 ҮЕҰ).

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_ ):

         1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

        2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

        3) қоршаған ортаны қорғау;

        4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

        5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

        6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

         7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

         8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

         9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

        10) мәдениет пен өнерді дамыту;

        11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

         12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

        13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

        14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

        15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

        16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

        Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ).

 

Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:

- Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

-  2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ;

- Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:

- үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

- 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ;

- соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

          1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

        2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

        3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

         4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала  бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

       5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

       6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

          7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

          8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).

Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.

Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін)  premiya2026@cisc.kz  (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде).

ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады:

- бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;

- өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

Ескерту!

Өтінімді premiya2026@cisc.kz электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.

Толтыруға қажетті қосымшалар нысандары

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
1-қосымша

 

 

                                                                                                            Нысан

 

                                                                                                           Кімге: Қазақстан Республикасы
                                                                                                           Мәдениет және ақпарат  

                                                                                                             министрлігі
                                                                                                            Кімнен:
                                                                                                         ____________________________
                                                                                                        (өтініш берушінің толық атауын
                                                                                                        көрсету)

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына

қатысуға өтініш

 

  Осы өтінішпен ____________________________________________________

                                    (өтініш берушінің толық атауын көрсету)

«______________________________________________________________»

       («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес саланы көрсету)

саласы бойынша үкіметтік емес  ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді.

      Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

      ________________________________________________________________

      Лауазымы                   (қолы)                   Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған

         сыйлықақыларды беру қағидаларына

2-қосымша

 

 

 Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы

 

Р/с №

Атауы

Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады)

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы



2.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні



3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі



4.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы



5.

Нақты мекенжайы



6.

Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес)



7.

Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес)



8.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы



      Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

      _________________________________________________________________________

      Лауазымы                         (қолы)             Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына
3-қосымша

 

 

                                 Нысан

 

 Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама

      _________________________________________________

      (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)

  1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік

      міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «____________________________________________________________»

(ұсынып отырған саланың толық атауын көрсету)

саласы бойынша жұмыс тәжірибесі.

р/с
 №

 Әлеуметтік жобаның атауы
(негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы)

Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері

Әлеуметтік жобаның нәтижелері









      * Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін  ұсынып отырған саланың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды).

  1. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің

 ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап  беріңіз.

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

      _______________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

27 июля 2026
Қорғалжын ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімі мен Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесі, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі және заңнама талаптарының сақталуы зерделенді.

Талдау нәтижесінде аталған мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының нақты фактілері анықталған жоқ.

Сонымен қатар, жекелеген рәсімдер бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалып, оларды төмендетуге бағытталған ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру, ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету, ішкі бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Қорғалжын ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты мониторингтеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

27 июля 2026
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.

Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.

Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.

«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

Әлеуметтік бағдарлама
27 июля 2026
Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.

Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.

Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.


Мемлекеттік қызметтер
23 июня 2026
Қорғалжын ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес Қорғалжын ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жария талқылау 2026 жылғы 1–7 маусым аралығында өткізіледі.

Барлық мүдделі азаматтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және өзге де тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

Қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша ақпарат алу үшін «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Омарова Айгерім Амангелдіқызына хабарласа алады.

Байланыс телефоны: 8 (71637) 2-23-79.

15 июня 2026
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

«Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі.  Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

 

 

 

 

 

 

 

25 мая 2026
Хабарлама

Қорғалжынауданы әкімінің аппараты 2026 жылғы маусымда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою.
Барлық мүдделі тұлғалар (қоғамдық өкілдер, сарапшылар, аудан тұрғындары) талдау тобының жұмысына қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 маусымға дейін.
Байланыс мәліметтері: Қатысу мәселелері бойынша «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысының м.а. Омарова Айгерим Амангельдыевнаға хабарласуға болады.
Телефондар: 2-23-79, +7 (708)7515069

29 апреля 2026
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына Қорғалжын ауданының әкімі Алин Алмас Аянұлы, аудан прокуроры Жасұлан Кемелбеков, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде аудан аумағындағы криминогендік жағдай, мал ұрлығы мен жеке мүлікті тонау қылмыстарының алдын алу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттеріне жол бермеу мәселелері қаралды.

Отырыс барысында аудандық полиция бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары тыңдалып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бірқатар маңызды тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін орнату, көшелерді жарықтандыру, алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, малды тіркеу және патрульдік бақылауды арттыру мәселелері тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуын бақылау тұрақты негізде жүргізілетін болды.

27 апреля 2026
ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНДА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 16 сәуір күні Қорғалжын ауданының Мәдениет үйінде «Адвокат кеңес береді» атты тегін заңгерлік көмек көрсету іс-шарасы өтті.

Аталған шараға Астана қаласынан келген тәжірибелі адвокаттар қатысып, аудан тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.

Іс-шара барысында азаматтар алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеу, әлеуметтік мәртебе алу, тұрмыстық және құқықтық дауларды шешу, зорлық-зомбылықтың алдын алу, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері бойынша сұрақтарына жауап алды.

Шара тұрғындар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, өзекті мәселелер бойынша нақты құқықтық кеңестер берілді.

Осындай пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.

Социальные сети
Қорғалжын ауданының әкімдігі
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы