Меню

Страницы

Статья

«Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша ЕСЕБІ

 «Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің 2021 жылы көрсетілген  мемлекеттік қызмет бойынша ЕСЕБІ

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және түру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету» бойынша  «Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ комиссияның  жұмысшы органы болып табылады. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі 9 үй, байланыс теелфоны 87163721496.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00 ден 14-30 ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9-00 ден 18-30 ге дейін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз  және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

 

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • осы қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • білімі туралы дипломның көшірмесі;
  • көрсетілетін қызметті алушының  еңбек қызметін растайтын құжаттың  көшірмесі;

Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні.

 

 

2020 жылы Қорғалжын ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша 18 маманға бюджеттік несие берілді, оның ішінде білім беру саласында -18 маманға.

 

Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету туралы, жұртшылықты «Нұр Қорғалжын» жергілікті газеті  арқылы  хабардар  етіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті органда шағымдар мен ұсыныстар журналы бар. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі  уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Дұрыс қызмет атқармаған жағдайларда, шағым мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме  басшысының атына  ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңнамасына сәйкес сотқа жүгіну құқығы бар. Шағым жазба түрінде ұсынылады.

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша шағым жоқ.

«Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ болашақта тиімді перспективаларын қарастыру және мемлекеттік қызметтерді қанағаттандыру сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.

Дата публикации
25 февраля 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы