2021 жылға «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызметтер есебі
- Жалпы ережесі
1) Қызметберуші туралы мәлімет. 2021 жылға «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесізаңды мекен-жайы: Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы, Абай көшесі, индекс 021306.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап ететін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызметтер саны: барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер — 5. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру — 0; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру — 0, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру — 11; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу — 0, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап ететін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу — 0.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген, мемлекеттік қызметтер саны — 0.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: көрсетілген ақылы қызметтер — 0, тегін қызметтер — 11 .
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, қағаз түрінде — 11 және (немесе) электронды түрінде — 0.
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттер саны: бекітілген стандарттар — 5, регламенттер — 5
3) Көптеген талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат : Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәлімет. Мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын бас маманның кабинетінде көрінетін жерде қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің тәртібі мен сипаттамасы, өтініштер үлгілері, негізгі түсініктемелері, мемлекеттік қызметтің тізбесі көрсетілген стенді ресімделген. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі. Тоқсан сайын аудандық газетке, сайтқа мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттар беріледі.
2) Мемлекеттік қызметтер стандартын жобасын көпшілікте талқылау туралы ақпарат: талқыланған жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуде оңтайландыру мен автоматтандыру процесінің нәтижесі. Қызметтер автоматтандырылмаған.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату бағытындағы, шаралар. Аудандық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинарлар өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мамандары біліктілікті жоғарлатуға бағытталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуде нормативті-құқықтық процесін жетілдіру. Бекітілген жоспар бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» оқу бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Ауылдық округ әкімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату бойынша шаралар жоспары дайындалды және бекітілді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардың шағымы туралы ақпарат. Мемлекеттік қызмет көрсетуде шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижесі. Ауылдық округ әкімі тарапынан бақылау, ауылдық округ әкімі өкімімен мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапты мамандар белгіленді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жасалған жұмыстар туралы әкім жанындағы отырыстар өткізілді. Мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету жақсарту бойынша таныстыру жұмыстары өткізілді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуде сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен өткізілген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері. 2021 жылы бақылау өткізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы ақпарат нәтижесі мен ұсыныстар дайындау өткізілген жоқ.
5.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасында қызмет алушының қанағаттанушылығын жоғарлату және алдағы тиімділік перспективалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша алдағы уақытта БАҚ, Сабынды ауылдық округ әкімінің аппаратының интернет ресурсте халықты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету процессін автоматтандыру.