Меню

Страницы

Статья

ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

Атаулы стипендияға Қазақстан Республикасының азаматтары, тұрғылықты жері (басымдық Қорғалжын ауданының тұрғындарына беріледі), жоғары және орта арнаулы медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысанында ақылы негізде оқуға түсетін және білім алып жатқан, оқу үлгерімі жақсы азаматтар үміткер бола алады.

Үміткерлер:

  • Қорғалжын ауданының еңбек нарығында кадр тапшылығы бар медициналық мамандықтар бойынша білім алуы;
  • оқуын аяқтағаннан кейін Қорғалжын ауданында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттенуі тиіс.

 Құжаттар 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап 22 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қажетті құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • үміткердің сауалнамасы;
  • студенттің оқу үлгерімі туралы анықтама;
  • оқу туралы шарттың көшірмесі;
  • оқу ақысын төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
  • жалпы орта білім туралы аттестаттың немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі;
  • дипломдар, алғыс хаттар, грамоталар, сертификаттар (болған жағдайда);
  • банктік шот деректемелері.

Құжаттар Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қабылданады:
Қорғалжын ауылы, Х. Болғанбаев көшесі, 9, 2-қабат.

Қосымша ақпарат: 2-11-76; + 7 708 579 1838;

Атаулы стипендияны тағайындау талаптары мен кадр тапшылығы бар медициналық мамандықтар тізімі Қорғалжын ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Дата публикации
22 сентября 2026
Дата обновления
22 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы