Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

2023 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ереже

1) Қызмет беруші туралы мәлімет:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру ныснадарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 16 түрін ұсынды:

          1) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы; 

          2) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру;

          3) Тұрғын үй сертификаттарын беру;

          4) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;

          5) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

          6) Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;

          7) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу;

          8) Ағаштарды кесуге рұқсат беру;

          9) Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру.

10) Қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою жөніндегі жобалық құжаттаманы келісу.

11) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;

12) Жылжымайтын мүлік мекенжайын айқындау бойынша анықтама;

13) Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

14) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

15) Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

16) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;

 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

- Мемлекеттік қызметтердің саны- 16;

- «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0;

- Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 16 (тегін);

- Қағаз және (немес) электронды нұсқада негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0 (қағаз түрінде), 16 – (электронды), 0 – (электронды/қағаз);    

- Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны - 16 – ережелерін.

3) Ең сұранысқа ие Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

2023 жылдың 12 ай ішінде 108 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы – 0, электрондық портал арқылы – 0, е-лицензирование -108.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет ол- «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну».

Қызмет беруші - «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ:

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік көрсетілетін қзыметтердің қол жеткізу орындары мен тәртіптері туралы мәлімет

 Халыққа  мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мақсатында Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің интернет-ресурстың ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сілтемелер орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары,  мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік органның –қызмет берушінің электрондық мекенжайы және байланыс телефондары орналасқан. Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы нормативті құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер орналасқан,  мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған, сондай-ақ бөлімде азаматтардың өзіне өзі қызмет көрсету бұрышында қызмет ала алады. Фейсбук және Инстаграм парақтарында 4 мақала жарияланды, тікелей эфир өткізілді және аудандық «Нұр-Қорғалжын» газетінде - «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 4 мақала жарияланылды.

         2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларының жария талқылау туралы ақпараты 

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 б. Сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатпайды.

         3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесстерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюлер және басқалар)

          2023 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша egov.kz порталы арқылы қызметтердің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар БАҚ әрдайым жарияланып отырады, Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» Коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қорғалжын ауданының бөлімінің мамандармен семинарлар өткізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

 процесін жетілдіру бойынша қызметі

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің сапасына түрткі болады. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлерді және мерзімдерді қысқартады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

 Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін кәсіби арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, халыққа қызмет көрсету орталықтырының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.

«Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Ақмола облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін арттыру жоспар-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары бойынша ақпарат

 Есептік кезең бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік орган – қызмет беруші «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ   мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен емес және қарастырылмаған.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері

 «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары 2023 жылғы 1-13 сәуір аралығында өткізілді. 2023 жылғы 17 наурыздағы № 3 Акт.

3) Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау нәтижесі

 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізілмеген.

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған.

  1. Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы қанағаттандырушылық тиімділігінің және арттырудың болашағы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты курсы оларды «Электрондық үкімет порталы» арқылы автоматтандыру болып табылады.

Айтарлықтай, 2024 жылы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандыруды арттыруға бағытталады.

 

 

 

 

Мемлекетік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2023 жылғы есебіне

қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-



Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы