Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы

  1. Жалпы ереже

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсетушілер туралы мәлімет.

         Знаменка ауылының жергілікті атқарушы органы қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппарат» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына  және бекітілген ережелерімен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

         2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

         1) 2023 жылы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округінің жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызметтің 5 түрін тегін, ақылы негізінде – 0 көрсетті.

         2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 30 құрады, оның ішінде:

- электронды түрде барлығы - 30;

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды алу (бірінші кезең)  - 29;

Сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды алу (екінші кезең)– 1.

2.Мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында стендтерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған, бұл мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жиналыстар мен жиындарда халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында тиісті баннерлер орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Қорғалжын ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3)мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

 - өткізілді – 3 тікелей эфир ;

- аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде 2 мақала жарияланды.

- Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 9 мақала жарияланды, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орны түсіндірілді;

Сондай-ақ, «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерін алу үшін бұрыш компьютермен, принтермен, картридермен жабдықталған. 2023 жылы «өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар – 5 қызмет алды.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың әкімдері, ауылдық округтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша қатысады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Қызметкерлердi оқыту мүмкiндiгi қаралады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілді. 2023 жылғы 14 тамыздағы № 9 Акт.

Тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді:

  1. Аудандық "Нұр Қорғалжын" газетінде 2023 жылғы мамыр айына дейінгі мерзімде, мемлекеттік қызметтер тізілімі саласында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық мақалалар жариялансын;
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қатаң түрде стандарттар мен қағидаларға сәйкес көрсету;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын 1 ескірген компьютерлік техниканы жаңарту қажет, мерзімі 2023 жылғы 30 қарашаға дейін;
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2023 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде біліктілікті арттыру курстарынан өту;

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы «Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1. Одан әрі тиімділік пен өсу перспективалары қызмет алушылардың көрсетілетін қызмет сапасына мемлекеттік қызметтерді көрсету.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет»порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газеттерде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

4.Мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;

5.«Электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұлғайту;

2023 жылға арналған Знаменка ауылы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады Қорғалжын ауылы, Х. Болғанбаев көшесі 13/3 ғимарат,  телефон: 8(716-37) 2-15-60.

 

                  

                     Қолданба 

                                          қызмет туралы есепке

                                                     көрсету мәселелері бойынша

                                               мемлекеттік көрсетілетін

                                                                 қызметтер 2023 жылға арналған

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары бойынша ақпарат

мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ақпарат
23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы