2023 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы Қорғалжын аудандық
экономика және қаржы бөлімі» ММ
қызметі туралы есеп
1) Қызмет беруші туралы мәлімет:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру ныснадарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») «Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 1 түрін ұсынды:
1) Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Мемлекеттік қызметтердің саны- 1;
- «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
- Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1 (тегін);
- Қағаз және (немес) электронды нұсқада негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0 (қағаз түрінде), 1 – (электронды), 1 – (электронды/қағаз);
- Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны - 1 – ережелерін.
3) Ең сұранысқа ие Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
2023 жылдың 12 ай ішінде 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы – 23, электрондық портал арқылы – 7.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет ол- «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» - көтьерме жәрдемақы және бюджеттік несие.
Қызмет беруші - «Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қзыметтердің қол жеткізу орындары мен тәртіптері туралы мәлімет
Халыққа мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мақсатында Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің интернет-ресурстың ресми www. aqmola-korgaljin.gov.kz сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, «Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сілтемелер орналастырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік органның –қызмет берушінің электрондық мекенжайы және байланыс телефондары орналасқан. Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы нормативті құқықтық актілермен, ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер орналасқан, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған, сондай-ақ бөлімде азаматтардың өзіне өзі қызмет көрсету бұрышында қызмет ала алады. Фейсбук және Инстаграм парақтарында 8 мақала жарияланды, тікелей эфир өткізілді және аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде - «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 3 мақала жарияланылды.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларының жария талқылау туралы ақпараты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 б. Сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне жатпайды.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесстерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюлер және басқалар)
2023 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша «Отбасы банкі» арқылы қызметтер туралы материалдар БАҚ, инстаграмм парақшасында әрдайым жарияланып отырады, Ақмола облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» Коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қорғалжын ауданының бөлімінің мамандарымен семинарлар өткізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету
процесін жетілдіру бойынша қызметі
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің сапасына түрткі болады. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлерді және мерзімдерді қысқартады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін кәсіби арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, халыққа қызмет көрсету орталықтырының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.
«Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Ақмола облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін арттыру жоспар-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары бойынша ақпарат
Есептік кезең бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік орган – қызмет беруші «Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен емес және қарастырылмаған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау шаралары өткізілмеген.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау нәтижесі
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі іс-шаралар өткізілмеген.
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты курсы оларды otbasybank.kz сайты арқылы автоматтандыру болып табылады.
Айтарлықтай, 2024 жылы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандыруды арттыруға бағытталады.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |