Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша қызметі туралы есебі
1.Жалпы ереже
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Қорғалжын ауданында Мемлекеттік қызметтерді аудан,ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер, мансап орталығы көрсетеді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
1) 2023 жылы Қорғалжын ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 54 түрін көрсетті.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында-752;
Экономика саласында-7;
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында-351;
Ауыл шаруашылығы саласында-285;
Әскери қызмет саласында-12;
Жер қатынастары саласында-584;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында-17;
Дене шынықтыру және спорт саласында-0;
2023 жылы барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді -5853.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1991 құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4% - ға артық. Оның ішінде:
- «Мемлекеттік корпорация» арқылы-477;
- электрондық түрде барлығы - 1164 (ЭҮП көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы -337;
- қағаз түрінде-13
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
-Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру -247.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау-114;
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу -157.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелер, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.
Қорғалжын ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелер, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Қорғалжын ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- ауылдық округтерде "E-gov"кіру бұрыштары ашылды;
- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 30 тікелей эфир өткізілді;
-аудандық "Нұр-Қорғалжын" газетінде "электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 11 мақала жарияланды;
- Facebook әлеуметтік желілерінің беттерінде "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 56 мақала жарияланды, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орны түсіндірілді;
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қарастыра отырып, 4 Қоғамдық кеңес өткізілді;
Қорғалжын ауданында 2023 жылы екі "сервистік әкімдік" ашылды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді халықтың өз бетінше алуы және ыңғайлы болуы үшін "сервистік әкімдіктің" үй-жайында қажетті техникамен, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен ұйымдастырылған және жабдықталған. Ауданның 8 ауылдық округінде халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. "E-gov" және орналастырылған egovmobile баннерлері.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Оқыту мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша жүргізілді 2023 жылы 11 қызметкер оқыды.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс шараларының жоспарына сәйкес Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі ауданның 7 мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бақылау іс шараларын жүргізді
- "Қарашалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
- "Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
- "Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
- "Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
- "Арықты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді:
1."Қорғалжын ауданының сәулет,құрылыс,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ. Аудандық "Нұр-Қорғалжын"газетінде сәулет,құрылыс,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық мақалалар жариялансын Орындалдған ұсыныс. Компьютерлік техниканы сатып алу мүмкіндігін қарастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету. Орындаудағы ұсыныстар.
2."Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету. Орындаудағы ұсыныстар. Аудандық "Нұр-Қорғалжын" газетінде мемлекеттік қызметтер тізілімінің жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық мақалалар жариялансын. Есепті түзету ұсыныс орындалды.
4."Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету. Орындаудағы ұсыныстар.
5."Қорғалжын ауданы Қарашалы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ компьютерлік техника сатып алу мүмкіндігін қарастыру. Орындаудағы ұсыныстар.
6."Қорғалжын ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ компьютерлік техниканы сатып алу мүмкіндігін қарастыру. Орындаудағы ұсыныстар.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2023 жылы Қорғалжын ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, Қорғалжын ауданы бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
1.мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
2.мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;
3.бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;
4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
5.мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
6.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
7.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
8.мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестерге қатысу;
9.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
10.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
11.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;
12.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: akimat.korg@mail.ru , телефон бойынша 87163721519.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғыесебіне
қосымша
Қорғалжын ауданы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |