"Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-сі 2022 жылы Мүмкіндігі шектеулі жандардың және мүгедектігі бар балалардың оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес, Әлеуметтік қызмет порталы (бұдан әры-Портал) арқылы әлеуметтік техникалық оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етілді.
1. Санаторлы-курорттық емдеу қызметіне 25 мүгедектігі бар адамдар өтініш берді. Олар Әлеуметтік қызмет портал арқылы өздері таңдаған шипажайларына барды. 2. Протездік-ортопедиялық көмек алу үшін 22 -құралдарға өтінім берілді, (протездік-ортопедиялық протездерге, балаларға арналған (жазғы және қысқы) ортопедялық аяқ киімге, туторларға протездік балдақ пен таяқты әлеуметтік қызмет портал арқылы таңдап қазпочта арқылы жеткізілді.
3. Сурдотехникалық құралдармен 1 мүмкіндігі бар адам ұялы телефонмен қамтамасыз етілді.
4. Тифлотехникалық құралдармен 3 мүмкіндігі бар адамдар 5 құрылғыға өтінім беріп және олар ноутбукпен, тифлосағатымен және тифлотаяқпен қамтамасыз етілді.
5. Мүгедетерге арналған жүріп-тұру құралдарымен 7 мүгедектігі бар адамдар 10 серуендеуге және бөлмелік кресло-арбалармен әлеуметтік қызмет портал арқылы қамтамасыз етілді.
6. Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдармен 13 мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызмет портал арқылы 30 құралдарға өтінім беріліп (жөргектер, жаялықтар. тері тазартқыш және санитарлы-гигиеналық орындықпен ) барлығы құралдармен қамтамасыз етілді.