Ақмола облысы Қорғалжын ауданының К.Күмісбеков атындағы Мәдениет үйі (индекс 021300, Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы,Қорғалжын ауылы, Х.Болғанбаев көшесі 38 , анықтама үшін телефон- 8(716-37) 2-15-53, факс- 8(716-37) 2-15-53, электрондық мекенжайы: rdk_korg@mail.ru К.Күмісбеков атындағы Мәдениет үйі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақысы 316 967 теңге.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Ауылдық мәдениет үйінің жұмысына басшылық жасайды, шығармашылық, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады және мәдениет үйі мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мәдениет үйі жұмысының жоспарын жасап, бекітеді, олардың белгіленген тәртіппен орындалуын қамтамасыз етеді.Шара, сценарий жасауға басшылық жасайды, жұмыстың озық үлгілерін зерттейді, оларды жұмыс тәжирибесіне енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды.Мәдениет үйінің қызметкерлерінің тиімді орналастыру,жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді,олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Мәдениет үйінің қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын ережелерін сақтауын бақылайды.Мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады. Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымының (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақ мерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді, жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды шығаруды ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «өнер», «мәдениеттану» немесе «стандарттау» мамандығы бойынша жоғары ( немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы :стресске орнықтылық, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік,қызметті басқару,шешім қабылдау, көшбасшылық,стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Конкурс «азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізудің Азаматтық қызметке кіру қағидалары» негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда №12696 болып тіркелді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)толтырылған жеке парақ;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалды бекітілуі;
5)еркін нысанда жазылған өмірбаян;
6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) соттылығы бойынша анықтама;
9) Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
10) Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама
Құжаттың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне,жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру,ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері,мінездемелер,ұсынымдар,ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте,почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не « Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не « Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының және уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 15 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандиттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қорғалжын ауданы К.Күмісбеков атындағы Мәдениет үйінің ғимаратында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту,тұрғын жай жалдау,тұру байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану)өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.