Осы есеп «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес дайындалды. Мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және қызмет сапасын арттыру. «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 112 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көрсетілген қызметтер:
– Эскиздік жобаны келісу;
– Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
– Қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға рұқсат беру;
– Ғимараттарды бұзуға рұқсат беру;
– Жылу тасымалдаушылардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын беру.
Есепті кезеңде заңбұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ.
Бөлім басшысы М. Рахимов