Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Қорғалжын ауданында Мемлекеттік қызметтерді аудан, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және дербес бөлімдер көрсетеді.
Қорғалжын ауданында жалпы 8 ауылдық округ (Қорғалжын, Сабынды, Қарашалғын, Қызылсай, Амангелді, Кенбидайық, Арықты, Майшұқыр) және 6 дербес бөлімдерімен («Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімі», «Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі», «Қорғалжын ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімі», «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»)
Қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдары және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 54 түрі, 125 тармақшасы бойынша қызмет көрсетіледі.
Ай сайын жоғары аталған мемлекеттік органдар, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысының атына есебін тапсырады. Кейін ауданының ішкі бақылау қызметі Ақмола облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын талдау бөліміне жиынтық есебін жібереді.
2025 жылдың 06 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында Қорғалжын ауданында жалпы мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 125 түрін көрсетті. Қорғалжын ауданының жергілікті атқарушы органдары және дербес бөлімдер 1090 мемлекеттік қызметі көрсетілді: оның ішінде заңды тұлғаға 222 қызмет, жеке тұлғаға 868 қызмет, соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет саны - 266, «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызмет саны - 671, тікелей мемлекеттік органда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 109, оның ішінде қағаз нысанында - 1, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде - 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Е-gov» қолжетімді бұрыштар арқылы көрсетілетін электронды қызметтер бойынша көрсетілген қызметтер саны – 334.
Қорғалжын ауданының жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 18 мақала және мемлекеттік органның әлеуметтік парақшаларында 179 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты өткізілген дөңгелек үстел, брифинг, семинарлар саны – 7, және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шаралардың саны – 204.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелер, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.
Қорғалжын ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелер, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.
Қорғалжын ауданының ауылдық округтердің әкімдіктерінде «сервистік әкімдік» ашу жөнінде жоспар бойынша Қорғалжын ауданының орталығы, Қоргалжын ауылында 31.03.2025 жылы 1 (бір) «сервистік әкімдік» ашылды.
Есепті кезеңде 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі 2026 жылға арналған жоспар жобасымен Қорғалжын ауданы әкімдігі бақлауға алып орындау бойынша жоспарлы жұмыстары жүргізіледі.