Аудан халқының саны 2025 жылдың 1-жетоқсанға 6 446 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 95,6% құрады (6 745 адам).
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 1 123,1 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 96,3% құрады.
Сонымен қатар 5 834,3 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 100% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 792,4 мың дана немесе 2024 жылға 105% құрады.
Аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 19 324 мың бас ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 101,4% құрады, сонымен қатар 7 819 мың бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 84,3% құрады.
- 35 067 бас қой, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 92,9% құрады;
- 2 662 бас ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 98,6% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);
- 17 789 бас жылқы, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 98,1% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);
- 17 бас шошқа, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100% құрады;
- 17 751 бас құс, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 99,2 % құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);
Тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 2 073 шаршы метр аумақ немесе, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 57,2% құрады (2024 жылы – 3 625 шаршы метр). Тұрғын үй құрылысы халықтың өз қаражаты есебінен жүргізілді.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 015,1 млн теңге құрады немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда нақты көлем индексі 74,2% құрады (2024 ж – 1 252 млн тенге).
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 404 адам, соның 192 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 192.
Жастар практикасына – 9 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 11 адам, қоғамдық жұмыстарға – 43 адам, адамдарды жұмысқа орналастыруға, "күміс жас" санатына - 11 адам, бірінші жұмыс орнына – 4 адам орналастырылды. Ұрпақ келісімшарты-0 адам. 4 грант берілді. Қысқа мерзімді оқу жоспар-10 адам және 100 пайызға орындалды. Жұмыссыздар саны-123 адам.
Сонымен қатар 2025 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 263 123 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 71,7 % құрады (облыстық көрсеткіш – 366 749 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 107,3% құрайды. (2024 жылы – 245 002 тенге).
Білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамту 87% құрады. Аудан бойынша 3 балабақша мен 9 шағын орталық жұмыс істейді.
Аудан бойынша 532 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.
Ауданда 13 мектеп бар, оның ішінде: 9 орта мектеп, 3 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп. Барлық мектептерде 1 729 оқушы оқиды. Мектеп алды даярлық сыныбынды 156 оқушы бар.
Камералар барлық мектептерде орнатылған. Барлық балабақшаларда бейнебақылау бар.
Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 10 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 35 төсектік стационар бар.