Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2025 жылдың қаңтар-қазан айының АҚПАРАТЫ.

Аудан халқының саны 2025 жылдың 1-қазанға  6 509 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 95,7% құрады (6 799 адам).

  1. ЭКОНОМИКА
  2. Өнеркәсіп. _Өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 1 332,6 млн теңге құрады. Нақты көлем индексі 153,5% құрады (2024 ж- 83,3%).
  3. Ауылшаруашылық. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 21 107,8 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,6 % құрады (2024 жылы 20 171,6 млн тенге). Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі 94,4% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 765,2 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 90,9% құрады.

Сонымен қатар 4 953,6 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 775,5 мың  дана  немесе  2024 жылға 102,8% құрады.

Аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 20 015 мың бас ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 101,1% құрады, сонымен қатар 7 819 мың бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 82,4% құрады.

- 39 261 бас  қой, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 101,8% құрады;

- 2 665 бас  ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 98,6% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

- 17 645 бас жылқы, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 95,3% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

- 17 бас шошқа, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100% құрады;

- 19 904 бас құс, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 99,8 % құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

  1. Инвестициялар. 9 066,1 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 231,2% құрады (2024 жылы – 3 921,2 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 124,4% құрады.
  2. Құрылыс жұмыстары және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстары  9 492,3 млн тенгені құрады, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 738,2% құрады, себебі 2024 жылы құрылыс жұмыстары 1 264,4 млн тенге құрады.

Тұрғын үйлерді пайдалануға берілген  1 349 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 82,2% құрады (2024 жылы – 1 641 шаршы метр). Тұрғын үй құрылысы халықтың өз қаражаты есебінен жүргізілді.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 686 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 142 бірлік, жеке кәсіпкерлік 332 бірлік, шаруа қожалықтар 212 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 99,7% құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 410,8 млн теңге құрады немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 47,5% құрады (2024 ж – 794 млн тенге).

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

Әлеуметтік көрсеткіштер. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 339 адам, соның 130 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 168.

Жастар практикасына – 9 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 11 адам, қоғамдық жұмыстарға – 43 адам, адамдарды жұмысқа орналастыруға, "күміс жас" санатына - 11 адам, бірінші жұмыс орнына – 4 адам орналастырылды. Ұрпақ келісімшарты-0 адам. 4 грант берілді. Қысқа мерзімді оқу жоспар-10 адам және 100 пайызға орындалды. Жұмыссыздар саны-165 адам.

Сонымен қатар  2025 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  263 123  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 71,7 % құрады (облыстық көрсеткіш – 366 749 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 107,3% құрайды. (2024 жылы – 245 002 тенге).

Білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамту 87% құрады. Аудан бойынша 3 балабақша мен 9 шағын орталық жұмыс істейді.

Аудан бойынша 532 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.

Ауданда 13 мектеп бар, оның ішінде: 9 орта мектеп, 3 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп. Барлық мектептерде 1 729 оқушы оқиды. Мектеп алды даярлық сыныбынды 156 оқушы бар. 

Камералар барлық мектептерде орнатылған. Барлық балабақшаларда бейнебақылау бар.

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 10 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 35 төсектік стационар бар.  

Дата публикации
27 января 2026