Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айының АҚПАРАТЫ.

Аудан халқының саны 2025 жылдың 1-қыркүйекке  6 514 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 95,2% құрады (6 845 адам)

ЭКОНОМИКА

  1. Өнеркәсіп. _Өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 1 018,3 млн теңге құрады. Нақты көлем индексі 124% құрады (2024 ж- 87,8%).

"Астана Агропродукт" ЖШС есебінен өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінің өсуі байқалады, егер 2025 жылдың 9 айында 213 тонна ет өндірілсе, 2024 жылы осы мерзімде 185 тонна ет өндірілген немесе 115 пайыз құрады.

  1. Ауылшаруашылық. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 15 943,3 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,8 % құрады (2024 жылы 15 515,4 млн тенге). Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі 93,2% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 641,5 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 86,7% құрады.

Сонымен қатар 4 173,5 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,4% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 732,6 мың  дана  немесе  2024 жылға 97,1% құрады.

Аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 20 271 мың бас ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 101,2% құрады, сонымен қатар 7 835 мың бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 83,4% құрады.

- 40 440 бас  қой, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 103,3% құрады;

- 2 686 бас  ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 98,6% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

- 18 097 бас жылқы, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 97,4% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

- 17 бас шошқа, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100% құрады;

- 20 474 бас құс, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100 % құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

  1. Инвестициялар. 7 451,5 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 209,2% құрады (2024 жылы – 3 561,2 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 140,8% құрады.
  2. Құрылыс жұмыстары және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстары  7 992,3 млн тенгені құрады, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 675,8% құрады, себебі 2024 жылы құрылыс жұмыстары 1 163,8 млн тенге құрады.

Тұрғын үйлерді пайдалануға берілген  1 349 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 82,2% құрады (2024 жылы – 1 641 шаршы метр). Тұрғын үй құрылысы халықтың өз қаражаты есебінен жүргізілді.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 691 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 142 бірлік, жеке кәсіпкерлік 335 бірлік, шаруа қожалықтар 214 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 100,6% құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 351,5 млн теңге құрады немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 57% құрады (2024 ж – 567,631 млн тенге).

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

Әлеуметтік көрсеткіштер. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 320 адам, соның 126 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 168.

Жастар практикасына – 9 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 11 адам, қоғамдық жұмыстарға – 43 адам, адамдарды жұмысқа орналастыруға, "күміс жас" санатына - 11 адам, бірінші жұмыс орнына – 4 адам орналастырылды. Ұрпақ келісімшарты-0 адам. 4 грант берілді. Жұмыссыздар саны-168 адам.

Сонымен қатар  2025 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  279 105  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 78,7 % құрады (облыстық көрсеткіш – 354 813 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 109,4% құрайды. (2024 жылы – 255 063 тенге).

Білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамту 87% құрады. Аудан бойынша 3 балабақша мен 9 шағын орталық жұмыс істейді.

Аудан бойынша 532 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.

Ауданда 13 мектеп бар, оның ішінде: 9 орта мектеп, 3 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп. Барлық мектептерде 1 824 оқушы оқиды. Мектеп алды даярлық сыныбынды 156 оқушы бар. 

Камералар барлық мектептерде орнатылған. Барлық балабақшаларда бейнебақылау бар.

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 10 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 35 төсектік стационар бар.  

Дата публикации
27 января 2026