Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2025 жылдың қаңтар-тамыз айының АҚПАРАТЫ.

Аудан халқының саны 2025 жылдың 1-тамызға  6 572 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 95,4% құрады (6 889 адам).

  1. ЭКОНОМИКА
  1. Өнеркәсіп. _Өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 704 млн теңге құрады. Нақты көлем индексі 114,3% құрады (2024 ж- 82,5%).

"Астана Агропродукт" ЖШС есебінен өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінің азаюы байқалады, егер 2025 жылдың 7 айында 63 тонна ет өндірілсе, 2024 жылы осы мерзімде 80 тонна ет өндірілген, себебі, қайта өңдеуге шикізат жоқтығына байланысты.

  1. Ауылшаруашылық. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 4 744,3 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 103 % құрады (2024 жылы 4 602,4 млн тенге). Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі 93% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 551,7 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 85% құрады.

Сонымен қатар 3 375 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 100,6% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 654 мың  дана  немесе  2024 жылға 97,4% құрады.

Аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 20 433 мың бас ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 101,3% құрады, сонымен қатар 10 245 мың бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,4% құрады.

- 40 667 бас  қой, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 103,2% құрады;

- 2 698 бас  ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 98,3% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

- 18 337 бас жылқы, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 97,8% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

- 17 бас шошқа, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100% құрады;

- 20 632 бас құс, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 99,8 % құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты);

  1. Инвестициялар. 4 297 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 190% құрады (2024 жылы – 2 260,9 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 175,9% құрады.
  2. Құрылыс жұмыстары және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстары  1 587,8 млн тенгені құрады, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 195,6% құрады, себебі 2024 жылы құрылыс жұмыстары 799,3 млн тенге құрады.

Тұрғын үйлерді пайдалануға берілген  1 239 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 94% құрады (2024 жылы – 1 317 шаршы метр). Тұрғын үй құрылысы халықтың өз қаражаты есебінен жүргізілді.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 685 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 138 бірлік, жеке кәсіпкерлік 332 бірлік, шаруа қожалықтар 215 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 99,1% құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 292,7 млн теңге құрады немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 79% құрады.

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

Әлеуметтік көрсеткіштер. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 170 адам, соның 71 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 99.

Жастар практикасына – 3 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 8 адам, қоғамдық жұмыстарға – 43 адам, адамдарды жұмысқа орналастыруға, "күміс жас" санатына - 4 адам, бірінші жұмыс орнына – 1 адам орналастырылды. Ұрпақ келісімшарты-0 адам. 2 грант берілді. Жұмыссыздар саны-170 адам.

Сонымен қатар  2025 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  279 105  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 78,7 % құрады (облыстық көрсеткіш – 354 813 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 109,4% құрайды. (2024 жылы – 255 063 тенге).

Білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамту 87% құрады. Аудан бойынша 3 балабақша мен 9 шағын орталық жұмыс істейді.

Аудан бойынша 532 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.

Ауданда 13 мектеп бар, оның ішінде: 9 орта мектеп, 3 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп. Барлық мектептерде 1 824 оқушы оқиды. Мектеп алды даярлық сыныбынды 156 оқушы бар. 

Камералар барлық мектептерде орнатылған. Барлық балабақшаларда бейнебақылау бар.

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 10 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 35 төсектік стационар бар.  

Дата публикации
27 января 2026