Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2025 жылдың қаңтар-сәуір айының АҚПАРАТЫ.

Аудан халқының саны 2025 жылдың 1-сәуірге  6 623 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 95% құрады (6 971 адам).

  1. ЭКОНОМИКА
  2. Өнеркәсіп. _Өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 272,9 млн теңге құрады. Нақты көлем индексі 129% құрады (2024 ж- 102,2%).
  3. Ауылшаруашылық. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 705,9 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 121,7 % құрады (2024 жылы 579,9 млн тенге). Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі 104,5% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 284,7 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 105% құрады.

Сонымен қатар 1 716.4 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 69,7% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 234,5 мың  дана  немесе  2024 жылға 118,3% құрады.

Аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 21 058 мың бас ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 114,7% құрады, сонымен қатар 10 359 мың бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 116,1% құрады.

- 44 751 бас  қой, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 137,2% құрады;

- 3 148 бас  ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 137,4% құрады;

- 18 989 бас жылқы, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 112,9% құрады;

- 17 бас шошқа, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 101,1% құрады (халықтың жеке қосалқы шаруашылығының төмендеуіне байланысты).

- 21 595 бас құс, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 133,4 % құрады;

  1. Инвестициялар. 488,2 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 150,9% құрады (2024 жылы – 323,5 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 146,4% құрады.
  1. Құрылыс жұмыстары және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстары 79,1 млн тенгені құрады, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 0% құрады, себебі 2024 жылы құрылыс жұмыстары орындалмады.

Тұрғын үйлерді пайдалануға берілген  419 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 63,4% құрады (2024 жылы – 661 шаршы метр). Тұрғын үй құрылысы халықтың өз қаражаты есебінен жүргізілді.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 673 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 132 бірлік, жеке кәсіпкерлік 312 бірлік, шаруа қожалықтар 229 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 99% құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 111,1 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 124% құрады.

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

Әлеуметтік көрсеткіштер. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 146 адам, соның 68 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 78.

Жастар практикасына – 3 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 3адам, қоғамдық жұмыстарға – 36 адам, адамдарды жұмысқа орналастыруға, "күміс жас" санатына - 1 адам, бірінші жұмыс орнына – 0 адам орналастырылды. Ұрпақ келісімшарты-0 адам. 0 грант берілді, жоспар-шілде айында . Жұмыссыздар саны-177 адам.

Сонымен қатар  2024 жылдың 4 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  249 416  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 75,8 % құрады (облыстық көрсеткіш – 329 241 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 100,6% құрайды. (2023 жылы – 247 685 тенге).

Білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамту 87% құрады. Аудан бойынша 3 балабақша мен 9 шағын орталық жұмыс істейді.

Аудан бойынша 532 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды.

Ауданда 13 мектеп бар, оның ішінде: 9 орта мектеп, 3 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп. Барлық мектептерде 1 824 оқушы оқиды. Мектеп алды даярлық сыныбынды 156 оқушы бар. 

Камералар барлық мектептерде орнатылған. Барлық балабақшаларда бейнебақылау бар.

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 10 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 35 төсектік стационар бар.  

Дата публикации
27 января 2026