Жер пайдаланушы «Атамекен - АКУ» серіктестігі халықтың мұқтажын шешу мақсатында, екі жақтың келісімімен мүліктің құнын тең өтеу туралы

«Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының Қазақстан Республикасының, Жер кодексінің 84 бабына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

          1.Арықты ауылдық округінің әкімшілік аумағында орналасқан «Атамекен - АКУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі 1-ші жер телімінің кадастрлік нөмірі 01-008-008-969   көлемі - 3552,0 га оның ішінде жайылым - 577,0 га,  2-ші жер телімінің кадастрлік нөмірі 01-008-008-970  көлемі -  1787,6 га,  жалпы көлемі - 2364,6 га  жер телімі халықтың мұқтажын шешу мақсатында екі жақтың келісімен Арықты ауылдық округі шекарасында орналасқан жалпы көлемі - 2180,3 га бос жер учаскесіне ауыстырылсын.    

  1. «Атамекен - АКУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1-ші жер телімінің кадастрлік нөмірі 01-008-008-969 көлемі - 3552,0 га, оның ішінде жайылым - 577,0 га, 2-ші жер телімінің кадастрлік нөмірі 01-008-008-970 көлемі - 1787,6га,  жалпы көлемі - 2364,6 га жер телімі үкімет арнайы жер қорына алынсын.

3.Идентификациялық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілсін.

4.Жер телімінің аяқталу мерзімі 2035 жыл.

          5.Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  аудан  әкімінің  орынбасарының м.а.  М. Ахметжановке жүктелсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                  

Аудан әкімі                                                                                         А.Алин

 

Дата публикации
17 декабря 2025