1-тарау. Жалпы ережелер.
Егер «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) аудандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету;
2) кәсіпкерлікті қолдаудың аудандық инфрақұрылымының қалыптасуына ықпал ету;
3) индустриалдық-инновациялық дамытудын аймақтық бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
4) аудан аумағында ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, агроөнеркәсіп комплексін экономикалық жетілдіру және аудан халқының өмірлік деңгейін жақсарту.
1) басымды бағыттар бойынша қаржыландыру және несиелеу мәселелері бойынша қаржылық және шағын несиелік ұйымдарымен, банктермен өзара әрекетін жүзеге асыру;
2) инвестициялар, оның ішінде шетелдік инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
3) мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін қарастыру, кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелері бойынша қорытындылар ұсыну;
4) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен бекітілген, және басқа да, Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерімен және облыстық жергілікті атқарушы органның актілерімен бекітілген, экономикалық аграрлық секторының дамуына экономикалық талдау жүргізу;
5) шаруа қожалықтары (фермерлік) шаруашылықтарының, ассоциациалардың, кооперативтердің, жалгерлік акционерлік кәсіпорындардың
және басқа кәсіпкерлік нысандардың, жеке қосалқы шаруашылықтарының, ұжымдық бағбаншылар мен бау-бақша өсірушілердің дамуларына ықпал етеді;
6) ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуы мүдделерінің бірлігін негізге ала отырып, ойластырылған инвестициялық саясат негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік саясатын аудан аумағында іске асыру;
7) ауданның аграрлық секторындағы экономикалық реформалар жөнінде әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
8) ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде аудан аумағында орналасқан аграрлық сектор кәсіпорындарының өндірістік әлеуетінің орындалуына талдау жүргізу;
9) ауданның ауыл шаруашылығы дамуының болжамын жасау;
10) аудан аумағында аграрлық реформаны жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
11) басқа аудандарда аграрлық реформаларды іске асыру тәжірибесін зерделеу және практикада қолдану;
12) шаруа (фермер) қожалықтарына қосалқы шаруашылықтарды, серіктестіктерді дамытуға қолдау көрсету;
13) аграрлық сектор үшін кадрлар дайындауды ұйымдастыру.
1) ішкі және сыртқы саудадағы жағдайды зерделеуді, талдауды және болжауды жүзеге асыру;
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша ғылыми - әдістемелік көмек көрсету;
3) отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысу;
4) басымды бағыттарына сәйкес жалпы аудандық, экономикалық немесе әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды Қазақстан Республикасының
дамыту институттарына өткізу үшін тандау мен бағалауға қатысу;
5) аудан кәсіпорындарында ИСО 9000 халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша көмек көрсету;
6) ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін инвестициялар тартуға жәрдем көрсету;
7) облыстық, аудандық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, оларға қатысу;
8) өнеркәсіп салаларындағы ахуалды зерделеу, талдау, болжау, аудандық бағдарламаларды, индикативтік жоспарларды әзірлеу, олардың орындалуын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
9) ауданның аграрлық секторында өндіріс жоспарының орындалуын болжайды;
10) аудандығы агроөнеркәсіп комплексін жетілдіріп тұрақтандыру;
11) аудандағы азық- түлік қауіпсіздігін сақтау;
12) өндірілетін өнім көрсеткіштерінің сапасын жақсартуға, мал басын өсіруге жәрдемдесу;
13) дәнді дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуға жәрдемдесу болып табылады;
14) жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
15) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтарын ашуға жәрдемдесу.
1) меншік нысандарының көптігі жағдайында тауар мен қызметтер өндірісін игеруді ұйымдастыруда компанияларға, кәсіпорындарға, бірлестіктерге және өзге де өндірістік ұжымдарға жәрдем көрсету;
2) импортты ауыстыру өндірістердің дамуына, экспортты диверсификациялауға қатысу;
3) басымды бағыттарды анықтау және кәсіпкерлікті дамыту аясында біркелкі саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
4) кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік және аудандық бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
5) өнеркәсіп кәсіпорындарының қуаттылығын ұлғайту бойынша аудандық бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
6) инвестицияларды, соның ішінде шетелдік, тарту бойынша оңтайлы жағдай құруда жәрдем ету;
7) аудан әкімдігіне мақсаты, басымдылығы бойынша және өзінің қызметінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамуының саласы бойынша стратегиясын енгізеді;
8) мемлекеттік органдардан, жеке шаруашылық серіктестіктерінен және жеке қожалықтардан, өзге ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және
азаматтардан кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде қажетті ақпараттар сұрайды және алады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін актілерді өзгерту немесе өзгертуден бас тарту туралы ұсыныстар енгізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
1) мемлекеттік органның актілеріне қол қояды;
2) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің өкілі болып табылады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
4) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қабылданған шешімдер, бөлімнің бұйрықтарымен рәсімделеді;
5) cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға және олардың орындалуына жауапты;
6) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өкілетті органға (заңнамамен белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және «Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты болады;
7) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
8) барлық ұйымдарда «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүдделерін білдіреді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкіне иелік етеді;
10) сенімхаттар береді;
11) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
12) банктік шоттар ашады;
13) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіінің барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
14) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
15) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
16) «Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
«Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына куәліктер беру»;
2) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;
3) «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру»;
4) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық
байқаудан өткізу".
4 - тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
«Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.