Қорғалжын аудан әкімдігінің
2013 жылғы «11» ақпандағы
№ 20 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Егер «бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Қорғалжын ауданының жер ресурстарын қайта бөлу және пайдалану туралы қол жетімді және айқындық ақпараттарды қамтамасыз ету мақсатында есептік саясат тиімділігін жүргізу, олардың сапалы жағдайының жоғарылауы жер ресурстарын щңтайлы және тиімді пайдалану үшін жағдай жасауы жер қатынастарын реттеу бойынша функцияларын орындауы.
1) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен орнатылған, және басқа да, Қазақстан Республикасының құқықты нормативтік актілерімен және облыстық жергілікті атқарушы органның актілермен орнатылған Қорғалжын ауданының аумағында өз құзіреттілігінің шегінде жер қатынастарын реттеу.
2) Қорғалжын ауданының жер ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдалану үшін жағдай жасауына жолданған, жерлерді пайдалану және қорғаумен мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуіне жәрдемдесуіне шаралар келісімділігі.
1) иесіз жер учаскелерін оларды есепке алу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және бөлу;
2) жер учаскелерін беру және мақсаттық тағайындауының өзгеруі бойынша ауданның жергілікті атқарушы органның шешім жобаларын және ұсыныстарын дайындау;
2-1) жер учаскелерін беру бойынша мемлекеттік геологиялық жер қойнауын және барлауын зерттеуімен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында ауданның жерлілікті атқарушы органның шешім жобаларын және ұсыныстарын дайындау;
3) мемлекетқажеті үшін жер учаскелерін алу жөніндегі ұсыныстар енгізу;
4) жер учаскелерінің бөліну- бөлінбеуін анықтайды;
5) мемлекетпен жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (баға) құның бекіту;
6) жер учаскелерін құрастыру жөнінде жерге орналыстыру жобаларын бекіту, жерге орналастыруды ұйымдастыру;
7) Ауданның жерін тиімді пайдалану бойынша жоспарлар және сызбалар, жерлерді аймақтандыру және бағдарламалар жобаларын құруын ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағындағы жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын бекіту;
9) жерді сатуды (конкурс, аукцион) ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізіп;
11) аудан жерлерінің балансын құру;
12) жер иелері мен пайдаланушылар және басқа да жер қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;
13) ауылшаруашылық тағайындауындағы жер учачкелердің төлқұжаттарын беру;
14) жер учаскелеріне сатып-алу және жалға алу, уақытша ақысыз жер пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың талабын орындауымен бақылауын жүзеге асыру;
15) осы Кодекстің 71 бабына сәйкес, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органмен рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;
16) ауылшаруашылық алқабын бір түрінен екінші түріне аудару бойынша ұсыныстар дайындау;
17) жерлерді сақтық қорда сақтау бойынша ұсыныстар дайындау;
1) аудан әкімдігіне мақсаты, босымдылығы бойынша және өзінің қызметінің саласында ауылшаруашылық дамуының стратегиясың енгізеді;
2) жер қатынастары сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, қызметтік тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушыларынан заңнама тәртібінде орнатылған мерзімде ақпараттар қабылдау және сұрау ;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қайшы келетін, олармен актілердің өзгертілетін немесе бас тартылуы туралы жергілікті атқарушы органмен ұсыныстар енгізіледі;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларына шаралар қабылдау үшін сәйкестендірілген органдарға ұсыныстар енгізу;
5) сот органдарында арызданушы ретінде өз атынан, сонымен қатар аудан әкімінің және әкімдіктің атынан орындау, жер заңнамасы сұрақтары бойынша сот, құқық қорғаушы, қоғам және басқада органдарда, ұйымдарда және мекемелерге қорытындылар беру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелеу бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады;
2) бөлімнің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
3) барлық ұйымдарда бөлім мүдделерін білдірген;
4) заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке биллік етеді;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) бөлімнің іссапарлар, тағылымдар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
8) банктік шоттар ашады;
9) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) Бөлімнің өкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) Бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданалы және тәптіптік жаза қолданады;
12) өзінніңорынбасарын (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігінің шеңберін белгілейді;
13) Бөлімнің жұмыс регламентін бекітеді;
14) өзіне заңдарда, осы Жарғыда жүктелген және өкілетті орган жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады
15) сыбайлас жем қорлыққа қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға және олардың орындалуына жауапты.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.