«Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 тарау. Жалпы ережелер

  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қорғалжын ауданы аумағында мәдениет және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында  шоттары болады.
  4. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да  актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Күмісбеков көшесі, 38.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Қорғалжын ауданының мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қорғалжын ауданының жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қорғалжын ауданының мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,  құқықтары мен міндеттері

  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қорғалжын ауданы аумағында мәдениет және спорт  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:
  • мәдениет, тарихи-мәдени мұра және спортты дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;
  • дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру, спорттық қозғалысты насихаттау;
  • Қорғалжын ауданы аумағында спортты дамыту, спорт резервін және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау.
  1. Функциялары:
  • Қорғалжын ауданы аумағында мәдениет, спорт саласындағы жұмысты жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
  • тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Қорғалжын ауданы аумағында спортты дамыту туралы қажетті мәліметтерді талдайды және уәкілетті органға ұсынады;
  • спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
  • Қорғалжын ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
  • спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
  • түрлі ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, фестивальдерді, конкурстарды, спорттық жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  1. Құқықтары мен мiндеттерi:
  • мемлекеттік мекемелерден, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де атқарушы органдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
  • «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар өткізуге бастамашылық жасау;
  • «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет көрсетуге жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
  • аудан басшылығының қарауына «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • заңды және жеке тұлғалар ресми түрде сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпараттар беруге міндетті;
  • «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
  • тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты басшы жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына, оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.   
  2. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
  • заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғалжын ауданының мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне марапаттау және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданады;
  • «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
  • Қорғалжын ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
  • мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
  • өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
  • сенімхаттар береді;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
  • «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
  • спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
  • мынадай біліктілік санаттарын береді: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
  • Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қорғалжын ауданының мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Қорғалжын ауданының мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

  1. «Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  1. «Кенжебек Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
  2. Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекеме.
Дата публикации
16 октября 2025