Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                                                                                                                                                                                   Қорғалжын ауданы әкімдігінің

                                                                  2012 жылғы «____» __________

                                                                  №___ қаулысымен бекітілді

 

 

Ақмола облысы Қорғалжын

аудандық экономика

және қаржы бөлімі

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі /әрі қарай Бөлім/ жергілікті атқару органының орта мерзімдік қазыналық /фискалдық/ саясатын дайындаушы, ауданның экономикалық және әлеуметтік жоспарларын жасаушы, аудан бюджетінің орта мерзімді кезенінің жобалық көрсеткіштері мен тиісті қаржы жылындағы аудан бюджеті нұсқасын дайындаушы, аудан бюджетінің орындалуын қамтамасыз етуші, заңнамалық кесімдерге сәйкес аудандық коммуналдық меншікті басқарушы және оны қорғау шараларын іске асырушы, «Мемлекеттік сатып алуды бақылау /мониторинг/» жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастырушы және өткізуші, тауарлар, жұмыстар мен қызметті сатып алудың жоспарлы көлемдерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды түлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар
  5. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қорғалжын аудандық экономика және қаржы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі 9.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақмола облысы Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, оңда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  2. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің миссиясы – аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру, тұрақты экономиканың өсуіне және халықтың өмірлік деңгейін көтеруіне жағдай жасау.
  3. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің міндеттері:
  4. аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, басымдықтарын және стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру;
  5. ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу, макроэкономикалық болжау және экономикалық талдау;
  6. стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және қалыптастыру;
  7. мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын жасауға қатысу және оны іске асыру;
  8. мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау;
  9. заңдармен жүктелген өзге де міндеттер болып табылады;
  10. мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсету.
  11. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің функциялары:
  12. мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
  13. стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және талдау;
  14. ауданда стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыстарды жүргізу;
  15. жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен стратегиялық жоспарлардың негізінде ауданның Бағдарламасын және оны іске асыру жөнінде іс шаралардың Жоспарын қалыптастыру және орындау мониторингін жүзеге асыру;
  16. әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары кіретін, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеу;
  17. жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, мемлекеттік инвестициялардың басымды бағыттарын қалыптастыру;
  18. мемлекеттік, салалық бағдарламаларын әзірлеу жөнінде мемлкеттік органдардың қызметін үйлестіру;
  19. тиісті қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын, сондай-ақ алдағы үш жылдық мерзімге аудандық бюджеттің болжам көрсеткіштерін әзірлеу;
  20. ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізу;
  21. аудандық бюджеттің орындалуын талдау;
  22. әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын іске асыру және әзірлеуін әдістемеліәк қамтамасыз ету;
  23. мемлекеттік меншікті және мемлекеттік қаражаттарды басқару саласында мемлекеттік саясаттың басымдықтарын және мақсаттарын белгілеуге қатысу;
  24. аудандық бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
  25. бюджеттік қаражаттардың үнемделіп және мақатты жұмсалуын бақылау;
  26. заңнамалық кесімдерге сәйкес коммуналдық меншікті басқару және оны қорғаудың шараларын іске асыру;
  27. жекешелендірілуі облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімімен жасалуы мүмкін тізбеге енгізілген аудандық коммуналдық мүлік объектілерін аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін алу;
  28. аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау;
  29. келесіде сатып алу немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне тапсыру құқығымен келесіде сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға ұсыну;
  30. аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару келісімдерінің шарттарын орындау және сенімгерлік басқарушымен сенімгерлік басқару келісімдерінің шарттарын орындауға бақылауды іске асыру бойынша сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдауды ұйымдастыру;
  31. жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы және сәйкес жылға саудада жүзеге асыруға жататын нысандарды бекіту туралы аудан (қала) әкімдігінің қаулыларын әзірлеу және бекітуді ұйымдастыру;
  32. «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарлама жариялау үшін кезендік баспа басылымдарын анықтау бойынша іс шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету;
  33. жекшелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлікті сатуды ұйымдастыру, соның ішінде жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру нысандарына бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру нысандарын сатып алу сату келісімдерін сақтауға бақылауды ұйымдастыру бойынша іс шараларды өткізу;
  34. жекешелендіруге дейінгі бақылау бойынша комиссия шешімінің негізінде оларды түзету мақсатымен сатып алу сату келісімдері бойынша қосымша келісімдерді әзірлеуді ұйымдастыру;
  35. тауарлар, жұмыстар мен қызметті сатып алудың жоспарлы көлемдерін құрау, «Мемлекеттік сатып алуды бақылау /мониторинг/» жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарды жетілдіру үшін ұсыныстарды дайындау және беру;
  36. мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, ақционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқытарын жүзеге асыру;
  37. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағанға дейін жүзеге асырылған және аумақтық және заттық қатыстығы бойынша жекешелендіруге дейінгі бақылауда тұрған жекешелендіру келісімдері бойынша талап ету құқығын беру келісімін жасау;
  38. заңдармен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
  39. жұмыс күндері – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9-00 ден -18.00 ге дейін, үзіліс 13-00 ден – 14.00 дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
  40. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және өз функцияларын іске асыру үшін заңдармен белгіленген тәртіп бойынша төмендегідей құқығы бар:
  41. жергілікті атқарушы органдармен орта мерзімді жоспарлардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
  42. өз құзыры шегінде жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
  43. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарындағы бюджеттік бағдарламаларды орындаушыларға, коммуналдық меншікке жататын тауар материалдық құндылықтар мен мүліктің сақталуы жөнінде тексеру жұмыстарын және ревизияларды жүргізу;
  44. жергілікті бюджеттен қаржылындырылатын, жергілікті бюджеттен берілген, бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануына, мемлекеттік органдармен жергілікті бюджеттің орындалуы туралы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуына, соның ішінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен жергілікті бюджетке таза табыс толықтай және уақытылы аударылуына, сондай-ақ коммуналдық меншікке жататын, шаруашылық серіктестіктермен мемлекеттік үлеске табыстың және мемлекеттік акциялардың пакетіне жарна кірістерінің аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
  45. жергілікті бюджеттен ұсталатын, мемлекеттік органдардың қаржылық есеп беруіне бақылауды жүзеге асыру;
  46. даусыз, бюджетке қаражаттарды  /шақырып алу/ өндіріп алу;
  47. мәслихаттың ревизиялық комиссиясына жергілікті бюджеттің орындалуына жүргізілген бақылаудың актілерін жіберу;
  48. заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
  49. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  50. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысын, аудан әкімі шешімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  51. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  52. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.
  53. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
  54. заңдарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  55. бөлім қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
  56. бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
  57. өз құзыры шегінде бөлімнің құрылымын бекітеді;
  58. мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
  59. бөлім жұмысының регламентін бекітеді;
  60. заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
  61. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға тікелей жауап береді.

         Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің  бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлімнің бастығы басқарады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі заңнамада көзделген жағджайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

         Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ( ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімімен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.                          
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Дата публикации
16 октября 2025